Біз экстремизм мен терроризмге қарсымыз

2019 жылы тамыз айында "Қазақстан Республикасындағы лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығының" ұйымдастыруымен Алматы қаласының құрылыс алаңдарында, атап айтқанда ТОО Зидан, Базис А, Астана Құрылыс, Алматы Строй, Спец Сервис Құрылыс аймақтарында діни қатынастар және діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру саласында заңнамалық нормаларды түсіндіру жұмыстары өтті.

Бұл кездесулердің мақсаты - қала тұрғындарына діни қатынастар саласындағы заңнамалар нормаларын түсіндіру және діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру қажеттілігін тұрғындармен талқылау. Кездесу барысында экстремизмге қарсы тұруға бағытталған Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріндегі өзгерістерге байланысты мәселелер талқыланды. Діни ұйымдар қызметі, олардың мемлекетпен қарым-қатынасы, діншіл және дінге сенбейтін адамдардың құқықтары туралы қатысушыларды қызықтырған сұрақтар бойынша кеңес берілді. Іс-шараға қатысқандардың барлығына қазақ және орыс тілдеріндегі үлестірмелік материалдар таратылды

Спикерлер экстремизм мен лаңкестікке қарсы мемлекеттік ақпараттық саясаттың негізгі аспектілері туралы, деструктивті діндердің және жалған діни ұйымдардың таралуының алдын алу жөнінде туралы әңгімеледі. Іс-шараға қатысушылар талқыланған мәселелер бойынша өз көзқарастарын ашық білдірді. Олардың біздің қоғамымыздың құндылықтарының мызғымастығының негізі біздің сақтауымызды және нығайта түсуімізді қажет ететін бейбітшілік пен келісім екендігі жөніндегі пікірлері бір арнаға тоғысып жатты.

Қазақстан Республикасындағы лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығының бас маманы Касаинова Карлыгаш

0
4 комментария
Максим Костюков

Карлыгаш - завязывай!

Ответить
Развернуть ветку
Аккаунт удален

Комментарий недоступен

Ответить
Развернуть ветку
Дмитрий Михайлов

Штааааа???

Ответить
Развернуть ветку
Аккаунт удален

Комментарий недоступен

Ответить
Развернуть ветку
Читать все 4 комментария
null