2019 жылы маусым айында "Қазақстан Республикасындағы лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығының" ұйымдастыруымен Алматы қаласында "Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы" атты үлкен көлемде бірнеше дәрістер өтті. Атап айтқанда, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театры және Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры қызметкерлеріне мемлекеттің зайырлы даму қағидаттарын, конфессияаралық бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық моделін ілгерілетуге, діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған, сондай-ақ ланкестік және экстремистікке қарсы күрес жүргізу бойынша арнайы лекция өтті.
Осы шараға Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеттің профессорлары мен докторанттары қатысты.. Дәрістің мақсаты - Қазақстандағы зайырлылық мағынасын түсіндіру және қалыптастыру.
Біздің мемлекеттің зайырлы табиғаты Қазақстанның табысты дамуының маңызды шарты болып табылады. Осы күндері Алматы қаласының барлық аудандарында да осындай дәрістер өткізіледі. «Дәріс» барысында қатысушылар Қазақстанда Зайырлы мемлекет ұғымының түп-тамыры діни құқық тұрғысынан адамсүйгіштік құқығын басшылыққа алуда жатыр. Адам және адамның құндылығы ғасырлар тереңінен зайырлы және құқықтық мемлекет құруға деген талпынысты туындатты. Зайырлы мемлекетте діни құқық емес, адамның дінге деген құқығы әлеуметтік заңдылықтар шеңберінде қарастырылатындығын баяндалды.
Баяндамашылар өз сөздерінде: Біздің мемлекетіміздің зайырлылық сипаты - Қазақстанның дамуының маңызды шарты екенін атап өтті. Біздің дін саласындағы саясатымыз конфессияаралық бейбітшілік пен толеранттылықты нығайтуға бағытталады. Соған байланысты Қазақстан дамуының зайырлылық принципінің мызғымастығын қамтамасыз ету үшін барлық қолда бар әкімшілік - құқықтық және қылмыстық – құқықтық шараларды пайдалана отырып оны діни экстремизм мен лаңкестіктің деструктивті идеологиясы тарапынан болатын шабуылдардан қорғауымыз қажет - деген қорытындыға келді.
Іс-шараға қатысушылар талқыланған мәселелер бойынша өз көзқарастарын ашық білдірді. Олардың біздің қоғамымыздың құндылықтарының мызғымастығының негізі біздің сақтауымызды және нығайта түсуімізді қажет ететін бейбітшілік пен келісім екендігі жөніндегі пікірлері бір арнаға тоғысып жатты.
А?
Хорошо пошло, продолжай.
Комментарий недоступен
Комментарий недоступен
minystardy nege basasyzdar? Brat, karttar yshin, rakhmet
Озайбырген!